1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қарағандыда коронавирус жұқтырғандар туралы тың дерек шықты

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қарағандыда коронавирус жұқтырғандар туралы тың дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, Қарағандыда 19 адам коронавирус жұқтырған еді. Оның үшеуі – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері. Олардың барлығы инфекциялық боксқа жатқызылды.  Қайтыс болған науқаспен 204 адам байланыста болған. Оның ішінде 54-і провизорлық және карантиндік стационарларға жатқызылды, 150-і – үй карантинінде.

Сондай-ақ, бүгін карантин стационарында жатқан екі науқастан коронавирус табылды. Тағы бірі үй карантинінде жатқан адамнан анықталды. Осыған байланысты эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Ауру жұқтырушының кіммен байланыста болғаны анықталды.

Қарағанды облысында барлығы 627 адам тәулік бойы бақылауда. Олар - 1А және 1Б санатындағы (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Тайланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) елдерден келгендер немесе ауру жұқтырушы тұлғалармен байланыста болғандар. 1087 адам үй карантинінде жатыр. Қарағандыда 21 адамнан коронавирус инфекциясы расталды, соның ішінде бір адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!