Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қарағандыда лицей оқушыларынан стриптиз билеу талап етілген - ата-аналар

06 Қазан 2015, 14:15
0
© om1.ru
© om1.ru

Қарағанды облысындағы №1 қазақ-түрік лицейінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен балалардың ата-аналары полицияға арызданды. Олар балаларын ұрып-соққан жоғары сынып оқушылары мен оқиғаға жол берген мұғалімдердің жазалануын қалап отыр. Ата-аналардың айтуынша, мазақ етудің соңғы дерегі 2 қыркүйекте болған. Оқушылар олардың балаларын ұрып-соғып, бір апта ұрмау үшін стриптиз билеуді ұсынған. Зардап шеккен балалардың жағдайы әзірше белгісіз. 

"Жоғары сынып оқушылары тарапынан жасалған қорлау және ұрып-соғу әрекеттерінен зардап шеккен жетінші сынып оқушыларының ата-аналары кеше полицияға ұжымдық арыз жазды. Бүгін олардың кейбіреулері арыздаран қайтарып алып жатыр, себебі олар балалары лицейден шығып қала ма деп қорқады. Біз бұл дерек туралы қыркүйектің басында білдік және сол кезде қызметтік тергеуді бастадық. Жанжалды шығарғандар мен кінәлілер жазаланады", - деді Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, лицей директоры Асылхан Үсіпбековтің жұмыстан шеттетілгені белгілі болып отыр. "Ата-аналар аты-жөндерін айтқылары келмейді, бұл істің жария болғанын қаламайды. Алайда біз мұны былайша қалдыра алмаймыз. Қызметтік тергеуден кейін оқушылар лицейден кетулері мүмкін", - дейді олар.

Айта кетейік, қазақ-түрік лицейінің қабылдау бөліміндегілер бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Осыған ұқсас жағдайларды өзге оқу орындарында болдырмау мақсатында облыстағы мектептерде сауалнамалар жүргізіліп жатыр. Ол 2016 жылдың басына дейін барлық мектепті қамтиды. Сонымен қатар, мұндай сауалнамаларды жыл сайын ұйымдастыру жоспарланған. Профилактикалық жұмыстардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолға алынатын болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай