Қарағандыда ПБ бастығының орынбасары жол апатынан қаза тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бекжан Кусаинов. Фото: instagram.com/policeofkaraganda Бекжан Кусаинов. Фото: instagram.com/policeofkaraganda

Қарағанды Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Құсаинов Бекжан Төлеуұлы 53 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Құсаинов Бекжан Төлеуұлы 53 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полковник Құсайыновтың қаза тапқаны туралы ақпаратты өңірдің Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. Ведомство мәліметінше, Бекжан Құсайынов еңбек демалысында болған кезінде өз көлігімен жол апатына түскен. Оқиға Қарқаралы маңында болған. Ол тізгінге ие бола алмай бұрылыста жолдың жетіне шығып кеткен болуы мүмкін.

"Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орыны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Бекжан Төлеуұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнаған. Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастаған.

Қызмет баспалдағының барлық сатысынан өткен Бекжан Төлеуұлы әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп, кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек еткен.

"Ол әрқашан жоғары кәсіби біліктілігімен, өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін қасиетімен, принцпшілдігімен, адалдығымен және адамдарға деген құрметімен ерекшеленді.

Полиция полковнигі Құсаинов қызметіне адал, антына берік, шыншыл және қайырымды нағыз офицер болды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer