05 маусым 2020 09:31

Қарағандыда полицей жазадан құтылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды қаласында тәртіп сақшысының үстінен қозғалған қылмыстық іске нүкте қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды қаласында тәртіп сақшысының үстінен қозғалған қылмыстық іске нүкте қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полиция қызметкеріне әріптесін көлікпен соқты деген айып тағылған болатын. Жол апаты салдарынан екінші тәртіп сақшысы қаза тапқан еді. 

Оқыс оқиға өткен жылдың қыркүйегінде болған. Полицей жұмыс уақытынан тыс кезде өз көлігімен Шахтинск қаласының тұрғынын соққан. Ол жолдың бойымен кетіп бара жатқан. Қайғылы оқиға Шахтинск қаласы маңындағы тас жолдың жарықтандырылмаған учаскесінде болыпты.

Жол апатынан соң тәртіп сақшысы оқиға орнына бірден полиция және жедел жәрдем қызметін шақырған. Ол зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмекті көрсетпекші болыпты. Алайда ол алған жарақатынан қаза тапқан. Тіркелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жақында тергеу аяқталды.

Қылмыс құрамының болмауына байланысты тәртіп сақшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.

"Жол апаты бойынша қозғалған сотқа дейінгі қылмыстық іс ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 35-бабы 1-тармағы негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты іс тоқтатылды", - делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.02   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети