17 мамыр 2020 14:49

Қарағандыда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Қарағанды қаласында суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды қаласында суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 16 мамырда болған. Қарағандылық тұрғын мас күйінде демалыс паркіндегі көлге шомылғысы келіпті. Алайда көлге батып кете жаздаған. Оны куәгерлер мен полицейлер құтқарып қалған.

Әлеуметтік желілерде суға батып бара жатқан ер адамның видеосы тарады. Кадрдан оның суда жүзуге тырысқанын көруге болады. Куәгерлер және полицейлер оны құтқаруға асығады. Видео авторы оған уақытында көмек көрсетпегенде, "ол аман қалмайтын еді" деген пікірде.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

?Здравствуйте! Делюсь событием, произошедшим сегодня, 16 мая в центральном парке г.Караганды. На берегу озера купались несовершеннолетние дети, без присмотра родителей. Мимо проходил патруль, и увидев купающихся ребят, решили сделать замечание. В этот момент со стороны кустов донесся крик о помощи тонущего! Долго не раздумывая, один из патрулирующих побежал спасать тонущего мужчину, второй остался на берегу озера с нарушителями. В результате, мужчина был спасен! Хотелось бы поблагодарить нашу полицию, за оперативную работу, быструю реакцию, ценой которой стояла человеческая жизнь! ?от подписчика ⚫⚫⚫⚫⚫⚫ #сергек #караганда #казахстан

Публикация от ?НаРоДнЫй КоНтРоЛь (@sergek_karaganda)

Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері хабарлама түскен соң оқиға орнына баруға асыққанын айтады.

"Оқиға кешке болды. Сағат 20.00-де Қарағанды полиция басқармасы шұғыл басқару орталығының кезекші пультіне парктегі көлде балалар шомылып жүргені туралы хабар түсті. Полицейлер паркке барып, балаларға шомылуға болмайтынын түсіндірді.  Сол кезде көмек сұрап айғайлаған дауысты естідік. Полиция қызметкері тұрғынға көмекке көрсетуге асықты. Кейін ер адамды дәрігерлер қарады", - дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети