18 сәуір 2015 08:06

Қарағандыдағы су апаты: Егде ерлі-зайыптының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Шет ауданындағы су тасқыны. ©Тұрар Қазанғапов Қарағанды облысы Шет ауданындағы су тасқыны. ©Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті тергеу басқармасы су тасқынында қаза болған егде ерлі зайыпты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті тергеу басқармасы су тасқынында қаза болған егде ерлі зайыпты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Василина Вакулько мен Юрий Вакульконың неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама белгіленді. Сарапшының алдын ала болжамы бойынша, олар су тасқынында тұншыққан. Төтенше жағдайлар комитетінің Қарағанды облыстық ТЖД марқұмдардың туыстарына қайғырып, көңіл айтады", - делінген баспасөз хабарламасында.

17 сәуірде күндізгі уақытта 1939 жылы дүниеге келген Василина Вакульконың денесі табылған еді. Кейін оның 1937 жылғы күйеуі табылды. Олар еріген қар суына тұншығып өлді. Құтқарушылар оларға екі мәрте барып, эвакуациялануды сұраған. "Бірақ олар мүліктерін, шаруалығын және малдарын тастамайтынын мәлімдем, ешқайда кетпейтінін айтты. Тіпті қолхат жазып берді. Бұл оқиға 11 және 12 сәуірде болды. 13 сәуірде су деңгейі көтеріле бастағанда Вакуленколарға Астанадан, апаттар медицина орталығынан жұмысшылар барды. Бірақ есік құлыптаулы болды", - деді Мүталлапов.

Оның айтуынша, Вакульколарды құтқарушылар көп уақыт бойы көндірген. "Олармен құтқарушы тобының барлық өкілдері әңгімелесті. Су тасқынының оңай дүние емес екенін, арты жаман болатынын түсіндірді. Бірақ ерлі-зайыптылар мүлкін тастап кетуден бас тартты. Жасы келген кісілерге күш қолдана алмаймыз ғой", - деді Мүталлапов.

Ғабиден Мұстафин атындағы ауылды су басты. Эвакуацияланған тұрғындар қонақүйлерге жеткізілді. 40-тас астам үй құлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети