Қарағандыдағы төбелес: Полицейлердің үш тобы Ресейде және Арменияда күдіктіні іздестіріп жатыр

08 Қаңтар, 17:34
1
Қарағандыдағы төбелес: Полицейлердің үш тобы Ресейде және Арменияда күдіктіні іздестіріп жатыр - © Tengrinews.kz фотоколлаж
© Tengrinews.kz фотоколлаж

Қарағандыда кісі өліміне күдікті Ресей шекарасын 1 қаңтарда кесіп өткен. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Іздестіріліп жатқан адамға қатысты: ол Павлодар облысындағы кеден бекетінен Ресей Федерациясынан өтіп кеткен. Мұны біз жедел тергеу шаралары барысында анықтадық. Оның 1 қаңтарда 22:00-де шекарадан өткені белгілі болды", - деді Сүлейменов. 

Оны ұстау үшін Ресейге екі жедел тергеу тобы мен тағы біреуі Арменияға жөнелтілген. 

"Әріптестерімізбен бірген осы күндер бойы қарым-қатынасты анықтап, келісімге келіп жатырмыз. Оның өзі видео үндеу арқылы шығуы, меніңше ол Қазақстанға өз еркімен келіп, заң алдында жауап береді. Ал оның рөлі жайлы айтар болсақ, оның істеген не істемгені туралы, меніңше органдардың сот санкциясын алуы үшін қажетті дәйектемелері болған", - деді ІІМ басшысының орынбасары. 

Оның айтуынша, әр қайсысының рөлі видеожазба, зардап шеккендердің түсіндірмесі және жекелей кездесу барысында анықталады. 

"Төбелес тұрмыстық мінезде болған, ол жерде екі ұлт өкілдері бөлініп алып, төбелесу болған жоқ. Біз тергеу барысында жарияламауды ұйғардық, себебі анықтап алу маңызды болды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатқан соң, толық мәліметті ашып бере алмаймыз", - деді ол. 

23 жастағы жігіттің өліміне қатысты және бұзақылы әрекеттер бойынша Қарағандыда сегіз адам ұсталды және қамауға алынды. Күдіктілердің бірі, азамат Гуруянға іздеу жарияланды. 

Министрлік өкілдері Қарағандыдағы жаппай төбелестің себебін айтты

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай