26 мамыр 2023 17:27

Қарағандылықтар көпқабатты үйдегі өрттен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Өрт кезінде зардап шеккен бес қабатты үй тұрғындары шатырды қалпына келтіруге көмек сұрап отыр. Олар қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өрт кезінде зардап шеккен бес қабатты үй тұрғындары шатырды қалпына келтіруге көмек сұрап отыр. Олар қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 мамырда Майқұдықтағы үйлердің бірінде болған ірі өрт бес қабатты үй тұрғындарын шатырсыз қалдырды. Ең көп зардап шеккен бесінші қабаттағы пәтерлер. Тұрғандар жаңбыр жауса, тек жоғарғы пәтерлерді ғана емес, бүкіл үйді су басатынына сенімді.

"Төбесі түгел өртеніп, бірінші кіреберісте те зақымданды. Өрт болған күні облыс, қала әкімдері осында болды. Сол кезде көмектесеміз деп уәде берді. Ал өртткен кейін келесі күні әкімдіктен ешкім келген жоқ. Бізге шатырды өзіміз қалпына келтіруіміз керек екенін және тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын пайдалана алатынымызды айтты. Жаңа шатыр 40 ​​миллион теңгеге түсетінін шамамен есептедік. Үйде 60 пәтер бар, оларда көпшілігі зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар немесе бюджеттік қызметкерлер. Біз үшін бұл сома ауыр. Әкімдік бізді естімейді", - дейді үйдің тұрғыны Ольга Чебан.

Ольганың сөзін басқа пәтер иелері де қолдайды. Тұрғындар қазақстандықтардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Олар кез келген сомада қаржылай көмек сұрайды.

Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі өртті нысандық масштабтағы төтенше жағдай деп атады.

"Қала әкімдігінде төтенше жағдайларға қаражат бар, бірақ жергілікті масштабта, яғни апаттық аймақ бір нысанның шегінен шығатын жерде. Бұл жағдайда төтенше жағдай аймағы бір нысанмен - тұрғын үй ғимаратымен шектеледі. Осыған байланысты төтенше жағдайларды жоюға нысан ауқымында бюджет қаражатын бөлу мүмкін емес. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын, өтініш-тілектерін ескере отырып, қала әкімі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысын өткізіп, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету механизмін әзірлеу бойынша бірқатар тапсырма берді. Қазіргі уақытта жұмыста тапсырмалар берілді, комиссияның келесі отырысы дүйсенбіге белгіленді, онда түпкілікті шешім қабылданады, ол туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Әлихан Бөкейхан ауданы әкімі аппаратының басшысы Виктор Храпов.

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі сараптама қорытындысы дайын екенін, өрттің шығу себептерінің бірі ашық өрт көзі екенін хабарлады. Өрттің себебін дәлірек анықтау үшін тәуелсіз өрт-техникалық сараптама жүргізіледі, деп қосты ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети