21 сәуір 2014 14:35

Қарағұсова министрге өзгелерді ұйықтатпауға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде төменгі палата депутаты Гүлжан Қарағұсова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға өзге министрлерді босаңсытпауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде төменгі палата депутаты Гүлжан Қарағұсова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға өзге министрлерді босаңсытпауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тәуелсіздікке - 23 жыл. Министрлерге деген көзқарастың өзгеруі керектігін өмірдің өзі көрсетті. Батыстың барлық елінде әлеуметтік министрдің мәртебесі қаржы министрінен де жоғары. Өйткені елде әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін - сол. Ол үйлестіруші, әлеуметтік министр барлық проблеманы өзі шеше алмайды, сондықтан ол өзі ұйықтамайтын, оны айтпағанда, өзіне тәуелді өзге министрлерге ұйқы бермейтін адам болуы керек", - деді депутат.

Қарағұсова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне қорқыныштан арылу керектігін айтты. Депутаттың пікірінше, әлеуметтік қорғау мәселесінде көзқарасты өзгертіп, оны мейлінше жүйелі ету қажет. Барлық министрлік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ведомствосымен тамаша үйлесімде жұмыс істеуі тиіс.

"Бір жағынан мен Тамара Қасымқызына алғыс айтамын, құттықтаймын, бұл жұмыстың ауыр екенін түсініп, көңіл білдіремін. Екінші жағынан мен оған: "Тамара, өзіңді өзгерт!" дегім келеді. Сен Премьер-министрден бастап, бәріне ұйқы бермеуің керек. Өйткені Сіз зейнеткерлердің, мүгедектердің барлық ауыртпалығын өзіңізде ұстап отырсыз. Қыруар қаржы тиімсіз шығындалып жатыр, себебі, жүйесіз жұмсалады. Ірі көлемдегі мемлекет қаржысынан сапалы нәтижені біз әлі ала алмай отырмыз", - деді Қарағұсова эмоцияға толы пікірі үшін кешірім сұрап.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети