19 наурыз 2020 14:08

Карантин кезінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин кезінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин кезінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ХҚКО-лар ТЖ режимі кезеңінде белгіленген жұмыс тәртібіне көшеді (ХҚКО сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді). Олар онлайн алуға болатын қызметтерді көрсетпейді. Төлқұжат пен жеке куәлік, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және т.б. қызмет түрлері ұсынылады.

Ал қызметтердің қалған 80 пайызын онлайн алуға болады. Біз, сондай-ақ, 1414 колл-орталығының жұмысын күшейттік. ХҚКО қызметкерлері Сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді қашықтан өз бетінше алуға көмектеседі. Аса қажет болмаса ХҚКО-ға баруды кейінге қалдырғаныңыз жөн", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз деді министр.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.

Соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті. Алматыда - 19 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 7 адам туралы не белгілі?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети