03 сәуір 2020 10:21

Карантин кезінде жемқорлық жағдайлары бойынша қайда шағымдануға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар карантин кезінде жемқорлық жағдайлары бойынша шағымдану үшін 1424 нөміріне хабарласа алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар карантин кезінде жемқорлық жағдайлары бойынша шағымдану үшін 1424 нөміріне хабарласа алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкілетті органдар сауда мен қызмет көрсету нысандарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты алып-сатарлардың саудасына, олардың жұмыс кестесіне және санитарлық талаптарына тексерістер жүргізіп жатыр. Бұл жағдайларда коррупция жасалуы мүмкін. Осыған байланысты пара беру мен пара алудың қылмыстық құқықбұзушылық екенін еске саламыз", - деді Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы агенттіктің серіктестік жөніндегі департаментінің директоры Расул Медетов. 

Оның айтуынша, жемқорлық жасағандар қатаң жазаланады, кінәлілер заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети