12 қараша 2020 09:24

Карантинде көкпар берген кәсіпкерге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Түркістан облысында кезекті рет көкпар ұйымдастырғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысында кезекті рет көкпар ұйымдастырғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, кезекті рейд барысында Кентау қаласының полицейлері мобильдік топпен бірге Қарнақ ауылына қарасты жайылымда көкпар ойыны өтіп жатқанын, оған 200-ге жуық адам жиналғанын анықтады. Полиция қызметкерлері бірден көкпарға жиналған қауымды таратқан. Мобильдік топ белгіленген талапты сақтамаған және көкпарға қатысқан тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек, адамдардың шоғырлануына жол берген көкпар тойының иесі мен ұйымдастырушысына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданып, айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәсіпкер карантинде көкпар бергені хабарланған болатын. Түркістан облысы көкпар федерациясының төрағасы Ғани Ахметбаевтың айтуынша, көкпарды ұйымдастырған федерация емес, жекелеген адамдар екен. 

"Білуімше, сол жақтағы кәсіпкер әкесін еске алып, ас берген. Астан кейін көкпар ұйымдастырған. Федерацияның қатысы жоқ, жеке адамдар жасап отыр. Шағын көкпар өткіземіз деген, бірақ көп адам қатысып кеткен. Расын айтқанда, мұны ұйымдастырған адамдар көкпарды ұятқа қалдырып отыр", - деген еді өңірлік көкпар федерациясының басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети