26 қараша 2018 13:22

Қаржы министрі мемлекеттік қызметтегі Жаңа жыл кеші туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметкерлердің Жаңа жыл кеші туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметкерлердің Жаңа жыл кеші туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік органдарда шаралар мақсатты түрде қаржыландырылады. Ал Жаңа жыл шарасын өткізу деген сияқты мақсаттар мемлекеттік органдарда жоқ. Егер қандай да бір ұжым жиналғысы келсе, ол қызметкерлердің өз қаржысы есебінен жүзеге асырылады", - деп жауап берді Смайылов үкімет отырысынан кейін журналист қойған сұраққа.

Жаңа жылда қазақстандықтар төрт күн демалады: 30 (жексенбі), 31 желтоқсан, 1 және 2 қаңтар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети