Қаржы министрі ведомстводағы жемқорлықтың өсуіне қатысты пікір білдірді

25 Мамыр 2017, 14:09
0
Қаржы министрі ведомстводағы жемқорлықтың өсуіне қатысты пікір білдірді -

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ведомстводағы жемқорлық қылмыстардың өсуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұнда мәселе жемқорлық құқықбұзушылықтар жайлы болып отыр. Мемлекеттік кірістер комитетінде өзіндік қауіпсіздік қызметі де көптеген бағытта жұмыс істеп жатыр. Әрине, өз қатарыңда құқықбұзушылыларды анықтау - үлкен жұмыс, үлкен міндет, осы іспен айналысып жатырмыз", - деп мәлімдеді министр ҚР Сенатында есеп беруінен кейін журналистердің сұрағына берген жауабында.

Айтуынша, министрліктегі жемқорлыққа кедергі болатын жүйелі шарттар бойынша басты бағыттардың бірі - эдектронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметке өту. 

"Дүниежүзілік банкпен бірге салық әкімшіліктендіруін жетілдіру жобасы іске асырылып жатыр, оның нәтижесі 2-3 жылда болады", - деді Сұлтанов.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері салық және кеден салаларында жемқорлықтың өскенін атап өткен еді. Агенттіктің мәліметінше, 2017 жылдың І маусымында өткен жылдағы кезеңмен салыстырғанда Қаржы министрлігінің құрылымында жемқорлық қылмыстардың үлесі 81 пайыз болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай