18 маусым 2021 09:05

Картон беру дұрыс емес - ғалым түйелерге қатысты видео туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Желіде Маңғыстау облысында түйелер жем-шөптің орнына картон жеп жатқаны туралы видео тараған болатын. Жануарлар дүниесі бойынша қазақстандық ғалым Нұрадин Әлібаев бұл дұрыс емес екенін және ол түйелерге зиян болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Маңғыстау облысында түйелер жем-шөптің орнына картон жеп жатқаны туралы видео тараған болатын. Жануарлар дүниесі бойынша қазақстандық ғалым Нұрадин Әлібаев бұл дұрыс емес екенін және ол түйелерге зиян болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрадин Әлібаев - профессор, Оңтүстік-батыс мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, ветеринария саласында жүргеніне шамамен 45 жыл болған.

"Түйелер шөлді, шөлейт жерлерге жақсы үйренген. Олар тамақ талғамайды, басқа жануарлар жемейтін азықты жей береді, әсіресе құрғақ жемді - түйе тікенегі, жусан, сексеуіл. Өзге елдерде оларға құрметпен қарайды, себебі олар өте төзімді. Араб елдерінде шөп көп өспейді, бірақ түйелерге жақсы қарайды. 

Бізде Маңғыстау және Қызылорда облыстарында түйе өсіреді. Картонға байланысты, ол ағаштан алынған целлюлоза. Ол жануардың ағзасына кері әсер етеді деп айтуға келмес. Бірақ егер жануарларды дұрыс тамақтандырмаса, бұл олардың жағдайына әсер етуі мүмкін", - дейді Нұрадин Әлібаев. 

Ғалымның айтуынша, жануарлардың тамағында микроэлементтер балансы болуы керек, оларды бұлай асыраған дұрыс емес.  

"Егер сиырларға солай қараса, иә, ол жағдай бұл нонсенс, ал түйелерге қатысты ол таңғаларлық жайт емес, олар өртеніп кеткен шөпті де жақсы жейді. Түйелер - жайылымдық жануарлар. Олар жайылым табады. Бірақ жануарларды этикалық жағдайларға сәйкес ұстау керек", - деді ғалым.

Сарапшы биыл аймақ астықсыз болғанын, бірақ жануарлар аш қалмайтынын айтады. Нұрадин Әлібаевтың сөзінше, егер фермерлерге жануарларды бағу бойынша кеңес қажет болса, олар институтқа жүгіне алады.  

Еске салайық, жақында Маңғыстау облысында тұрғындар малға шөп орнына картон беруге мәжбүр екені туралы ақпарат тараған болатын. Әлеуметтік желілерде түйелер мен жылқылардың картон жеп тұрғаны түсірілген видео таралды. Видео авторының айтуынша, фермерлер қиын жағдайдан осылай шығуға мәжбүр. Ол өңірде жем-шөп тапшы екенін айтады. Сондай-ақ, видеода биыл жауын-шашын болмай жайылымдар құрғап қалғаны айтылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети