2016 жылғы 7 қарашада Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерін дабыл бойынша көтеріп, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Қарулы Күштерде "Құрамалар мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру. Дағдарыстық ауданға қайта топтасуды ұйымдастыру. Арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу" тақырыбында ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлерімен кенеттен оқу-жаттығу басталды.
Тексеріс шеңберінде лектердің құрылу ауданына әскери техниканың шығуы жүзеге асырылды. Әскерлер әскери полигондарға ұзақ қашықтыққа құрамдастырылған тәсілмен жорыққа шығады.
Оқу-жаттығуға 5000-ға жуық әскери қызметші, шамамен 500 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 20-дан аса бірлік ұшақ пен тікұшақ тартылды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу, әскер тектерінің бөлімдері мен құрамалары арасындағы түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ, арнайы әскери операцияны жүргізу амалдары мен тәсілдерін жетілдіру жөнінде тапсырмаларды орындауға басқару органы мен әскерлердің жай-күйін тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу қарашаның 7-і мен 11-і аралығында өтеді.