Энергетика министрлігі Қашағанда 2017 жылы 7 миллион тоннаға дейін мұнай өндірілетінін болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Энергетика министрлігі Қашағанда 2017 жылы 7 миллион тоннаға дейін мұнай өндірілетінін болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Энергетика министрлігі "Қашаған" кен орнынан 2017 жылы 4-тен 7 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді көздейді. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев кезекті отырыстан кейін ҚР Парламенті Сенатының кулуарында хабарлады.
"Біз келесі жылы Қашағанда мұнайды 4-тен 7 миллион тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Бұның бәрі ұңғымаларға және қондырғылардың қалай жұмыс істейтіндігіне байланысты", - деді Қанат Бозымбаев.
Жалпы, министрдің болжамынша, 2016 жылдың соңына дейін Қашаған 1 миллион тонна өндіруді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, "Қашаған" кен орны соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі мұнай кен орны болып табылады, оның мұнай қоры шамамен 9-13 миллиард баррель болады.
"Қашаған" кен орнын игеру бірнеше кезең бойынша іске асырылады. Қазіргі таңда "Тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеме бағдарламасы" аталатын бірінші кезеңді жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кен орнын игерудің ТӨӘ-ден кейінгі келесі кезеңдері жоспарлау сатысында тұр.