14 қазан 2016 15:57

Қашағаннан экспортқа шығарылатын мұнайдың бірінші партиясы жөнелтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Каспийлік құбыр консорциумы (КҚК) іске қосу-баптау шеңберінде жүргізілген жұмыстар кезінде Қашаған кен орнынан шамамен 7 700 тонна экспортқа шығарылатын мұнайдың бірінші партиясын жөнелтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бүгін Каспийлік құбыр консорциумы (КҚК) іске қосу-баптау шеңберінде жүргізілген жұмыстар кезінде Қашаған кен орнынан шамамен 7 700 тонна экспортқа шығарылатын мұнайдың бірінші партиясын жөнелтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, "ҚазТрансОйл" АҚ құбырлық жүйесіне 18 800 тонна экспортқа шығарылатын мұнайдың партиясы жөнелтілді, ал "Интергаз Центральная Азия" АҚ магистральді жүйесіне 22,8 миллион текше метр тауарлық газ берілді.

2016 жылдың 28 қыркүйегінде Солтүстік Каспий консорциумы теңіздегі және жер үсті кешеніндегі жабдықтарды тестілеу және іске қосу-баптау жұмыстарына кірісті.

"А" аралының бірнеше ұңғымалары ашылды. Теңіз кешені жабдығының жұмысын тұрақтандырған соң, мұнай және газ "Болашақ" зауытына келіп түсті.

Қазіргі уақытта теңіздегі және жер үсті кешеніндегі жабдықтарды іске қосу-баптау, бақылау-өлшеу аспаптарын және технологиялық процестерді басқарудың автоматты жүйелерін тестілеу жалғасып жатыр. Тұрақты жұмыс режиміне шығу біршама уақытты қажет етеді.

Еске салайық, 12 қазанда ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай өндіріле бастағанын хабарлаған болатын. "Өндіру басталып қана қойған жоқ, мен бүгін төрт  ұңғымадан мұнай ағып жатқанын көрдім, тәулігіне  90 мың баррельдей болып қалатын көрсеткіш бар, Болашақ (Зауыт) та жұмыс істеп жатыр. Оны қалпына келтіру жалғасып жатыр, себебі қондырғының барлық түрі әлі жүктеліп жатыр. Сауда мұнайы Болашақ зауытынан шықты, таза, кеше кешкі уақытта "ҚазТрансОйл" резервіне құйылды. Ол сол жерде кезеңдеп жиналады. Оператор алдағы уақытта  алғашқы экспорттық келісім шарт туралы айтады", - деген еді министр.

Айта кетейік, 14 маусымда өткен ҚР Үкімет отырысында Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" 2016 жылдың  қазанында бұл кен орнындағы жұмысты жаңғыртуды келіскен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети