Алматы облысында өнер мектебі мемлекет балансына қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Алматы облысында балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің жетіспеушілігі байқалады. Прокуратура сот ісіне араласып, өнер мектебін мемлекет балансына қайтарды.
"Жауапкер ретінде әрекет еткен заңды тұлға Қарасай ауданында (Қаскелең қаласы) жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын өнер мектебін заңсыз иемденуге тырысты. Апелляциялық сот инстанциясы прокурордың аудандық соттың өнер мектебін заңсыз сату туралы шешімінің күшін жою туралы өтінішін қолдады, және мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ғимаратта жөндеу жұмыстары басталып, жақын арада 300-ден астам бала өнерге оқи алатын болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!