16 наурыз 2020 | 15:03

Кәсіпкерлерге бюджеттен 300 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздің халықаралық қоры 90 миллиард долларға жетті. Бұл экономикамыздың тұрақтылығын сақтаудың және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың маңызды кепілі. Біз бюджеттік шығынды жұмыспен қамту мен бизнесті қамтамасыз ету үшін барынша оң әсер ететін бағыттарға қайта бағдарлаймыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға 300 миллиард теңгеден кем емес қаржы бөлінеді", - деді Президент үндеуінде.

"Сақтанғанды құдай сақтайды". Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Мұның алдында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың телевизия арқылы үндеу жасайтынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын. Ал 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9 адам. Соңғы оқиға кеше, 15 наурызда тіркелді. Вирус Алматыдағы 12 жастағы қыздан анықталды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети