22 қазан 2021 13:35

Кәсіпорындарда 140 қазақстандық қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

2021 жылы 9 айда қазақстандық кәсіпорындарда 140 адам қаза тауып, мыңнан астам адам зардап шекті. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің хабарлауынша, жазатайым оқиғалар жұмыс берушінің кінәсінен болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2021 жылы 9 айда қазақстандық кәсіпорындарда 140 адам қаза тауып, мыңнан астам адам зардап шекті. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің хабарлауынша, жазатайым оқиғалар жұмыс берушінің кінәсінен болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 9 айда кәсіпорындарда 1062 адам зардап шекті, 140 адам қайтыс болды. Министрлік жүргізген талдау нәтижелеріне сай жазатайым оқиғалардың көпшілігі биіктен құлау, көлік апаттары, құрылыс заттары мен материалдарының құлауы салдарынан болған. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" заңнаманың орындалмауына жұмыс берушілер жол берген", - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің басшысы Ербол Нұрғалиев ОКҚ брифингінде.

Мемлекеттік бақылау нәтижелері еңбек заңнамасын бұзудың шамамен, 30 пайызы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қатысты болады. 9 ай ішінде мемлекеттік инспекторлар 8 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады, жұмыс берушілерге 2700-ден астам ескерту берді, 189 миллион теңге сомасына мыңнан астам айыппұл салды. 102 қылмыстық іс қозғалды.

"2020 жылы ресми статистикаға сәйкес, 1,6 миллион кәсіпорынның 367 мыңында жұмысшылар қауіпті жағдайда жұмыс істеген. Олардың көбі өнеркәсіптік аймақтарда - Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында болған.

Шу мен дірілдің жоғары деңгейінде әрбір екінші, жұмыс аймағының жоғары газдануы мен шаңдануы жағдайында әрбір үшінші адам және 94 мың адам ауыр физикалық жұмыс істеген", - деді Нұрғалиев.

Сондай-ақ, Қазақстанда жыл сайын кәсіпке байланысты пайда болған аурулардың 400-ден астам жағдайы тіркелгені айтылды. Кейінгі үш жылда олардың саны 503-тен азайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 670 мың қызметкер 140 миллиард теңге сомасында түрлі өтемақы алды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.

Экономика салалары бойынша қауіпті еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны тау-кен өндіру және өңдеу салаларына тиесілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети