Қасым-Жомарт Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қор жұмысымен танысты. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сай отандық креативті секторды қолдаудың негізгі институты ретінде құрылған. Президентке жаңа кеңістіктің шығармашыл жастар, инвесторлар мен туристер бас қосатын орынға айналатыны жөнінде баяндалды.

Шоурум форматында безендірілген кеңседе креативті өнім әзірлеудің толық циклі көрсетілген. Сол арқылы көпшілік қарапайым идеяны өндіріске айналдыруға дейінгі шығармашылық үрдістің қалай жүргізілетінін тамашалай алады. Мемлекет басшысы зергерлік және ағаш шеберханаларын, музыка, кілем тоқу, бейнелеу өнері залдарын, fashion-аймақты аралады.

Ақорданың баспасөз қызметі

Yurt Capsule – мұндағы негізгі орынның бірі. Бұл кеңістікте киіз үйдің дәстүрлі формасы технологиялық тұрғыдан жаңа кейіпке енген. Жоба цифрлық өнерді, мультимедиялық контентті және мәдени сторителлингті бір арнаға тоғыстырады.

Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің брендін қалыптастыру тұжырымдамасы жайында мәлімет берілді. Бастама мәдени мұраларымызды заманға сай жаңаша интерпретациялау, креативті индустрияны дамыту және ұлттық бірегейлікті нығайту арқылы еліміздің туристік әлеуетін арттыруды көздейді.

Ақорданың баспасөз қызметі

Креативті индустрияны дамыту қоры талантты жастарды іздеп тауып, оларға қолдау көрсету, инвестиция тарту, инфрақұрылымды жетілдіру секілді төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Отандық креативті өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға ықпал етеді. Сонымен қатар барлық облыс орталығында ашылған өңірлік хабтардың қызметін үйлестіреді.

Бүгінде Қазақстанның креативті экономика саласында шамамен 48 мың кәсіпкерлік нысан бар. Олар 160 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Индустрияға кино, анимация, геймдевелопмент, цифрлық өнер, сән, дизайн және халықтық қолөнер секілді салалар зор үлес қосуда.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.73   543.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер