30 қараша 2021 08:54

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президентімен келіссөз жүргізді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda Фото: akorda

Мемлекет басшысы Швейцарияның Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді. Кездесуде мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы салаларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын жан-жақты талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Швейцарияның Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді. Кездесуде мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы салаларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын жан-жақты талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, екі ел басшылары Бреттон-Вуд институттары, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты қарастырып, аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай мен осы елге гуманитарлық көмек көрсету мәселесін сөз етті.

Сонымен қатар, пандемияға және климаттың өзгеруіне қарсы күреске, Орталық Азиядағы су дипломатиясына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ги Пармелан саяси және экономикалық байланыстардың оң қарқынын атап өтіп, екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін білдірді.

Мемлекет басшысы Швейцариямен жан-жақты қатынастарды дамытуға баса мән беретінін және осы елді Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси әрі экономикалық әріптесі санайтынын айтты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланға Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде айтты. Екі ел басшылары ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, фармацевтикалық өнеркәсіп және "жасыл" жобалар салаларындағы бірлескен жұмыстарды атқару үшін мемлекеттеріміздің әлеуеті зор екенін айтты.

Келіссөз қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды.

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясы Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара мойындау жөніндегі келісім;

2. 1994 жылғы 12 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасында қол қойылған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісім хаттамасы (Сауда қызметтерін ішкі реттеу қағидалары);

3. "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ мен "Stadler CIS AG" компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі келісім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети