15 ақпан 2024 09:59

Қатар әмірі Тоқаевпен түскен суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

x.com/TamimBinHamad x.com/TamimBinHamad

Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни әлеуметтік желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни әлеуметтік желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына және Қатар мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі пікірталасқа ризамыз. Біз екі достас ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту тетіктері туралы келістік және неғұрлым жемісті ынтымақтастыққа, ортақ ұмтылыстар мен қалаған амбицияларға сәйкес орнықты әріптестік орнатуға үміттенеміз", - деп жазды Катар әмірі.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қатарда мемлекеттік сапармен жүр. 14 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы өзінің осы елге жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының ерекше маңыздылығын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети