Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады деп болжайды. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында нөсер жауады, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Республиканың батысында 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі, қалған аймақтарда ауа райында шұғыл өзгерістер болмайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундсына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.
Алматы - күн бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундсына 13 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 31-33 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей уақыттарда екпіні секундсына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 20-25 градус жылы.
Шымкент - күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 33-35 градус жылы.
Ақмола облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-19 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық. Көкшетау - күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 градус жылы.
Алматы облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың таулы аудандарында 9-14 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 38 градус, таулы аудандарда 20-25 градус жылы. Қонаев - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық.
Жетісу облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың шығысында 25, таулы аудандарда 13 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 28 градус жылы. Талдықорған - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық.
Түркістан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарда кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, екпіні секундсына 23 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 16 жылы, күндіз 33-38, таулы аудандарда 30 градус жылы. Түркістан - күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 35-37 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 22, күндіз 29-34 жылы, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық. Орал - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 29-31 градус жылы.
Атырау облысы - күндіз облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында екпіні секундсына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 18-23 жылы, күндіз 34-39 градус қатты ыстық. Атырау - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз 35-37 градус қатты ыстық.
Маңғыстау облысы - күндіз облыстың батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 23-28 жылы, күндіз 36-41 градус қатты ыстық, облыстың батысында 31 градус жылы. Ақтау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 31-33 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде, шығысында 22 жылы, күндіз 28-33 жылы, облыстың оңтүстігінде, шығысында 38 градус қатты ыстық. Ақтөбе - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 29-31 градус жылы.
Қостанай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 27-32 жылы, облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық. Қостанай - күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын жел түнде 3-8, күндіз секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 градус жылы. Петропавл - ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 29-31 градус жылы.
Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық болады. Павлодар - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.
Қарағанды облысы - күндіз облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, облыстың батысында екпіні 18 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың шығысында 16 градус жылы, күндіз 30-35 градус, облыстың батысында, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады. Қарағанды - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.
Ұлытау облысы - күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 30 градус жылы болады. Жезқазған - ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 34-36 градус қатты ыстық болады.
Шығыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың шығысында 10, облыстың оңтүстігінде 23 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың шығысында 25 градус жылы болады. Өскемен - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 4-9 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 15-20 градус жылы, күндіз 30-35 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады. Семей - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 градус жылы.
Қызылорда облысы - облыстың орталығында, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұруы мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 7-12, облыс орталығында және шығысында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 20-25, күндіз 34-39 градус жылы, облыстың солтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық болады. Қызылорда - ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұруы мүмкін. Жел солтүстіктен 7-12, күндіз екпіні 15 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 34-36 градус жылы.
Жамбыл облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз таулы аудандарда кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 9-14, түнде таулы аудандарда, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-23, таулы аудандарда 13, күндіз 31-36, таулы аудандарда 27 градус жылы. Тараз - ауыспалы бұлттылық, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы.