"Қазгидромет" 11 шілде, сенбіге арналған қалалардағы ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде аптап ыстық сақталады, ал солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Батыста да ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Алматы - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін ыстық болады.
Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 39-41 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 24-26 градус жылы, күндіз 40-42 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қонаев - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10, күндіз екпіні 14 метр/секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қызылорда - ашық, күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде 24-26 градус жылы, күндіз 40-42 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Тараз - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Ақтау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7-12 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.
Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Орал - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін ыстық болады.
Ақтөбе - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қарағанды - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.
Жезқазған - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 37-39 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Көкшетау - құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан, жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.
Петропавл - құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан, жылдамдығы түнде 5-10, күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Павлодар - құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстіктен 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Семей - құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 5-10, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Өскемен - құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 5-10, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.