29 тамыз 2021 13:16

"Қайда бара жатқанын білді": Серік Әубәкіров жарылыстан қаза тапқандар туралы әсерлі жазба жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрт сөндіру қызметінің отставкадағы генерал-майоры Серік Әубәкіров Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандарға арналған жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өрт сөндіру қызметінің отставкадағы генерал-майоры Серік Әубәкіров Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандарға арналған жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook желісінде Серік Әубәкіров қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің қаза тапқан қызметкерінің бәрі кәсіби борышын соңына дейін орындаған батыр атанды.

"Өрт орнынан түсірілген кадрлар жүректі ауыртады! Әрекет ету алгоритмін сақтай отырып, жұмыс автоматизм деңгейінде жүргенін көруге болады!

Өз тәжірибемнен білемін - басқаша болуы мүмкін емес! Әйтпесе, ойланып қаласың... әйтпесе қорқыныш жұтып әкетеді... уақыт та қысып бара жатады... соны жіберіп алсаң, қайтымсыз процестер басталады! Алдын алуға үлгеру керек!.. Жетістік әрқашан бола бермейді...

Істелген нәрсе істелді! Олар мамандық таңдағанда қайда бара жатқанын білді! Өрт сөндірушілердің техникасы мен құралдары табандылықтың мөрі ретінде орнында сақталып қалды", - деп жазды Серік Әубәкіров.

Ол қаза болғандар ата-аналары мен балаларының мәңгілік мақтанышына айналғанын айтты.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін қаза тапқандарды марапаттаған болатын. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылған (марқұм).

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 13-ке жеткені хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети