30 желтоқсан 2022 18:05

Қайрат Боранбаевқа қандай айып тағылып отыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Прокурор Бауыржан Шекенов сотта кәсіпкер Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына тағылған айыпты оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Прокурор Бауыржан Шекенов сотта кәсіпкер Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына тағылған айыпты оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боранбаевтан басқа, оның сенімді адамы Роман Нахановқа, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердиге (маусым айында іздеу жарияланған) және "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жанұзақ Тайырға да айып тағылды.

Айыптау қорытындысы бойынша, бұл адамдар 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 11 ақпанға дейін "АзияГазЧунджа" ЖШС мен QazaqGaz арасында жалпы сомасы 141 миллиард 681 миллион 676 мың теңгеге көтерілген құн бойынша 2,26 миллион текше метр көлемінде тауарлық газды жеткізу туралы мәмілелер жасады.

"Осы уақыт аралығында Жанұзақ Серді, Боранбаев, Наханов және басқа да адамдардың мүддесі үшін әрекет ете отырып, өзіне сеніп тапсырылған ақшалай қаражатты төлемдер тізіліміне қол қою арқылы ысырап еткен:

  • 2019 жылғы 1 тамызға 8 миллиард 442 миллион 721 мың теңге сомасында;
  • 2019 жылғы 26 тамыздағы 11 миллиард 140 миллион 10 мың теңге сомасында;
  • 2019 жылғы 3 қыркүйектегі 15 миллиард 409 миллион 482 мың теңге сомасында;
  • 2019 жылғы 16 қазандағы 24 миллиард 463 миллион 183 мың теңге сомасында;
  • 2019 жылғы 24 қазандағы 1 миллион 831 мың теңге сомасында;
  • 2019 жылғы 7 қарашадағы 19 миллиард теңге сомасында;
  • 2019 жылғы 5 желтоқсандағы 12 миллиард 510 миллион 724 мың теңге сомасында;
  • 2019 жылғы 13 желтоқсандағы 7 миллиард 214 миллион 605 мың теңге сомасында;
  • 2020 жылғы 9 қаңтардағы 15 миллиард 73 миллион 479 мың теңге сомасында;
  • 2020 жылғы 23 қаңтардағы 14 миллиард 353 миллион 15 мың теңге сомасында", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Сондай-ақ, айыптаушы тарап мәліметінше, Жанұзақ тауарлық газды жеткізу үшін "АзияГазЧунджа" ЖШС-нің банк шотына жалпы сомасы 127 миллиард 608 миллион 464 мың теңге қаражат аударған.

"Қылмыстың белсенді қатысушысы Жанұзақтың Қытайға қызметтік іссапарға шығуына байланысты 2019 жылғы 19 қыркүйектегі 14 миллиард 73 миллион 212 мың теңге сомасына төлемдер тізіліміне "QazaqGaz" ҰК" АҚ Бас директорының орынбасары Рубанов қол қойды, ол қылмыстық ниет туралы білмеді", - деп түсіндірді прокурор.

Шекенов Qazaq Gaz тауарлық газды "Газпром-экспорттан" 127 миллиард 116 миллион 358 мың теңгеге мың текше метрін 145 долларға сатып алғанын мәлімдеді.

"Сот-экономикалық сараптаманың 2022 жылғы 30 маусымдағы №1699 қорытындысына сәйкес, "QazaqGaz" ҰК" АҚ мен "АзияГазЧунджа" ЖШС сатып алған газдың құны мен "Газпром-экспорттан" сатып алынған осы газдың құны арасындағы айырмашылық 14 миллиард 565 миллион 318 мың 10 теңге болды. "АзияГазЧунджа" ЖШС атынан "QazaqGaz" ҰК" АҚ атына сатылатын тауарлық газдың құнын арттыру ұлттық компанияға тиесілі ақшалай қаражатты ұрлау үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Тауарлық газды арзанырақ бағамен сатып алудың нақты мүмкіндігіне қарамастан, оны "Азия ГазЧунджа" ЖШС бақылауындағы делдалдық компаниясы арқылы әдейі жоғары бағамен сатып алып, жымқыру мақсатында мемлекеттік компанияның қаржы-шаруашылық айналымынан ақша қаражатын алуды жүзеге асырды. Бұл газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор қызметінің түпкілікті нәтижесіне теріс әсер етті, оның қызметі халыққа сатылатын газдың өзіндік құнын жеңілдікті бағамен жабуға бағытталған", - деп түсіндірді прокурор.

Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.

"Ұрланған қаражат оларды заңды айналымға тарту арқылы заңдастырылып, қылмыстық схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

  • Боранбаевқа 4 миллиард 804 миллион 67 мың теңге;
  • Нохановқа 533 миллион 785 мың теңге;
  • "ДС-ТАС" ЖШС 5 миллиард 337 миллион 852 мың теңге", - деді айыптаушы тарап.

Айыптаушы тараптың айтуынша, Боранбаев алынған ақшаның бір бөлігін Алматыда Esentai office ЖШС-ден 742 шаршы метр жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсаған. Нысан Боранбаевқа 686 миллион теңгеге түскен.

"Кейіннен мүліктен табыс алу мақсатында 2022 жылғы 24 ақпандағы жалдау шарты бойынша үй-жай ай сайынғы айналым кезеңінің 12,5 пайызы немесе ай сайын кемінде 10 миллион теңге мөлшерінде жалдау ақысы бар мейрамхана қызметтерін ұйымдастыру құқығымен AB Restaurants ЖШС-нің пайдалануына берілді.

Наханов 2020 жылғы 30 қарашада Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде 2105, 2107, 2108 нөмірлі пәтер сатып алғаны үшін Highvill Ishim ЖШС шотына өзінің жеке шотынан 99,8 миллион теңге мөлшерінде қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігін аударды. Нахановтың пәтерлеріне құқықтардың пайда болу көздерінің шынайы сипатын жасыру мақсатында үлестік қатысу шарты негізінде оларды Нахановтың ұлы Бауыржан Романовичке рәсімдеді", - деп қорытындылады прокурор.

Еске салайық, бүгін Астанада Қайрат Боранбаев пен осы іс бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты сот отырысы басталды. Журналистер сот залына кіргізілді. Сотқа Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Қайрат та қатысып отыр. Ол сотқа әкесінің қоғамдық қорғаушысы ретінде қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети