14 қыркүйек 2020 19:01

Қайрат Келімбетов жаңа Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшысы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін басқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қайрат Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін басқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұған дейін Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының төрағасы қызметін атқарған болатын.

Еске салайық, 9 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойған болатын -  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Қайрат Нематұлы Келімбетов 1969 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебін үздік белгімен бітірген. АҚШ-тағы Джорджтаун университетінде оқыған.

Қайрат Келімбетов 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің орынбасары лауазымында макроэкономика, бюджет саясаты, мемлекеттік активтерді басқару және қаржы секторы, салық және кеден саясаты мәселелеріне жетекшілік етті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің төрағасы болды. 2011 жылы ҚР Экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды.

2008-2011 жылдары Келімбетов мырза республиканың барлық мемлекеттік активтерін біріктірген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқарды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, «Қазына» тұрақты даму мемлекеттік қорының басшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңесте, ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігін басқарды, ҚР Қаржы бірінші вице-министрі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети