11 желтоқсан 2017 16:31

Қайрат Қожамжаров ҚР бас прокуроры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Қожамжаров Қайрат Қожамжаров

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Қожамжаров ҚР бас прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Қожамжаров ҚР бас прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Парламент Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қожамжаров Қайрат Пернешұлының кандидатурасын қолдады", - делінген хабарламада.

Мұның алдында Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметінде болған.

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров - 1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987-1995 жылдары - Жамбыл қаласының және Жамбыл облысының прокуратура органдарында қызметте болды. 1995-1997 жылдары - Қорғас кеденінде контрабандаға және кеден тәртібін бұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы-тергеушісі, экспорттық-импорттық операцияларды бақылау жөніндегі бөлім бастығы.

1997-1998 жылдары - Қорғас кедені бастығы орынбасарының міндетін атқарушы болды. Ал 1998-1999 жылдары "Озон-Ислам" ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған.

1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі салық полициясы комитеті бас тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, басқарма бастығының орынбасары-бөлім бастығы, басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің тергеу және анықтау департаменті тергеу басқармасының бастығы. 2002-2004 жылдары  - Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары. 2004-2007 жылдары - Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары.

2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы. 2012-2013 жылдары - Ақмола облысының әкімі. 2013 жылғы қаңтар - 2014 жыл - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. 2015 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети