28 наурыз 2019 11:18

Қайрат Қожамжаров Сенат депутатының антын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Қожамжаров Қайрат Қожамжаров

Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Сенат депутатының антын қабылдап, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Сенат депутатының антын қабылдап, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға және маған жүктелген депутаттың міндеттерін адал орындауға ант етемін", - деді Қожамжаров.

Сенат спикері Дариға Назарбаева жаңа депутатты құттықтады. 

"Қайрат Пернешұлын құттықтаймыз. Сіз тәжірибелі, білікті заңгер ретінде Сенаттың заң шығару қызметіне өз үлесіңізді қосасыз деп үміттенеміз. (...) Қожамжаров Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеуге ниет білдірді", - деді Назарбаева. 

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Сенаторлар сондай-ақ, депутат Дархан Сатыбалдының өкілеттігінің тоқтатылуына қатысты дауыс берді. Ол Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Мұхтар Құлмұхаммед сайланды. Бұған дейін бұл қызметті Дариға Назарбаева атқарған болатын.

Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Қожамжаровты Сенат депутаты қызметіне тағайындады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети