17 шілде 2018 16:34

Қайрат Құдайберген Шығыс айналма автожолында көлік қағып кеткен баланың жағдайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kudaibergen_kairat © instagram.com/kudaibergen_kairat

Бизнесмен Қайрат Құдайберген Алматыдағы Шығыс айналма автожолында көлік қағып кеткен бала жатқан ауруханаға барып қайтты. Ол онда Дінмұхаммедтің ата-анасымен кездесіп, бас дәрігер Абай Құсайыновпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бизнесмен Қайрат Құдайберген Алматыдағы Шығыс айналма автожолында көлік қағып кеткен бала жатқан ауруханаға барып қайтты. Ол онда Дінмұхаммедтің ата-анасымен кездесіп, бас дәрігер Абай Құсайыновпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін таңертең сағат 9-да бір зұлым өлім аузында қалдырып кеткен 5 жасар Дінмұхаммедтің жағдайын білу үшін Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына бардым!" , - деп жазды Қайрат Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.

Бизнесменнің айтуынша, мықты мамандар баланың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

"Кеше ол үшінші деңгейдегі комада болды, ал бүгін екінші деңгейдегі комада жатыр. Алда әлі 3,5 және 7-деңгейі бар. Олар ең қауіпті. Алған соққыдан бассүйегі сынған. Дәрігерлер пайда болған гематоманы және бассүйегіне кіріп кеткен сынықтарды алып тастады. Дәрігерлер қолдан келгенді жасап жатыр. Дәрілердің барлығы бар, жағдай жасалды. Бірақ тағы да айтқым келетіні, жағдайы аса ауыр. Біз сен үшін дұға оқимыз! Қылмыскер тез арада табылады деп сенеміз!" , - деді Қайрат Құдайберген дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс айта отырып.

Мұның алдында полицейлер баланы қағып кеткен жүргізушінің әлі табылмағанын хабарлаған еді.

Еске салайық, осыған дейін Шығыс айналма автожолында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, "баланы көрпеге орап, Брянская көшесіндегі ағаштың түбінде тастап кеткен". Алайда жол апаты болған жер бала табылған жерден алысырақ болған.  

Дәрігерлердің айтуынша, бала үшінші деңгейлі кома және төртінші деңгейлі травматикалық шок алған жағдайында балаларға шұғыл жәрдем көрсету орталығына түскен. Оған жедел ота жасалған. 

Ал кейінірек оқиғаның видеосы жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети