"Қазақ елі" монументімен болған жағдайдан кейін Астанадағы ескерткіштердегі жазбалар тексеріледі

24 Наурыз 2017, 19:18
8
"Қазақ елі" монументімен болған жағдайдан кейін Астанадағы ескерткіштердегі жазбалар тексеріледі -

Әкімдік өкілдері қаладағы ескерткіштердегі жазбалардың барлығын тексеріп шықты. Енді олар басқа ұйымдарға да елордадағы қалған ескерткіштерді тексеріп шығуды ұсынбақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласы әкімдігінің Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұраны сақтау дирекциясының директоры міндетін атқарушы Нелли Шиврина хабарлады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғар белгісіз біреулердің Астанадағы "Қазақ елі" монументіне өз аттарын жазып кеткенін мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, жазуларды ол Астанада Наурызды тойлау кезінде дронға түсірілген видеоны қайта қарап отырып көріп қалған. "Мұрат", "Бердібек" және "Тараз" деген жазуларды роликтің 16 минутының 19 секундында көруге болады.

Әкімдік өкілінің айтуынша, монументтегі жазбаны өшіруге альпинистер тартылмақ. Олар монументтің жоғарғы бөлігін қарап щығып, жазбаларды қалай өшіріп тастауға мүмкін екенін айтады. "Сондай-ақ, біз Хан-Шатыр, Тәуелсіздік Сарайы, Триумфалды арка сияқты нысандарды бақылаймыз. Бұлар да "Қазақ елі" сияқты техникалық жағынан күрделі нысандар. Оларды, әрине, бақылап жатырмыз. Біз монументтің жоғарғы жағын қараған емеспіз", - деді ол.

Айта кетейік, монумент 2009 жылы қойылған, ал жазу енді ғана байқалған. Рельефті жасаған сәулетші Мұрат Мансұров Tengrinews.kz тілшісіне бұл вандалдың ісі емес дегенді айтқан еді. "Қайта құру кезінде болған шығар. Ешкім онда шыға алмайды. Мүмкін емес, вандалдар шыға алмайды. Құрылысшылар бүлдірген", - деген еді ол.

Оның айтуынша, ол жерде жазу болуы тиіс емес. Ал сәулетшілерде мұндай әдет жоқ. "Тақтайша қойып, қашан орнатқанын, қандай авторлық ұжым екенін жазамыз. Ал бұлайша жазу, жоқ мұндай болған емес", - деген болатын Мансұров.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (8)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай