28 сәуір 2022 10:38

"Қазақфильмнің" тағы бір вице-президенті қызметінен кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдар Баталов. Фото:kazakhfilmstudios.kz Айдар Баталов. Фото:kazakhfilmstudios.kz

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айдар Баталов бұл қызметке 2021 жылдың наурыз айында тағайындалған.

"Мен әріптестеріме және бүкіл ұжымға уақытты бірге өткізіп, жоғары деңгейде орындалған жобалар үшін алғыс айтамын. Мәдениет және спорт министрлігіне бірлескен жұмыс үшін, басшылыққа сенім білдіргені үшін алғысым шексіз. Алға қадам басатын уақыт келді, енді менің өмірімде жаңа кезең басталды", - деді ол.

Айдар Баталов 1987 жылы 13 желтоқсанда дүниеге келген. 2010 жылы ол London Film Academy-ді бітіріп, Қазақстанға оралғаннан кейін "Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман" атты тұңғыш қазақстандық фантастикалық фильмнің желілік продюсері ретінде жұмысқа кірісті. Бір жылдан кейін ол өзінің алғашқы қысқа метражды "Онлайн" фильмін, кейін толық метражды көркем фильм "Заговор Оберонаны" түсірді.

Бұған дейін Айдархан Әділбаев "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлағанбыз.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпанында "Қазақфильм" президенті Ақан Сатаев Мәдениет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында киностудия жұмысындағы негізгі проблемаларды айтқан болатын. Ғимарат қабырғаларының шіріп жатқанын, кейбір қызметкерлердің өз жұмысын дұрыс істемейтінін айтып шағымданған. Сатаевтың айтуынша, өткен ғасырда салынған киностудия ғимаратының материалдық-шаруашылық бөлігі түгелдей жөнделмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети