01 ақпан 2021 10:12

Қазақстан адам бостандығы индексінде 75-орынға тұрақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қазақстан адам бостандығы индексі бойынша әлемдегі 162 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтады. ҚР индексі - 6,99 болды, бұл көрсеткіш ЕАЭО-ға кіретін Армения мен Қырғызстанға қарағанда төмен, бірақ Беларусь пен Ресейге қарағанда жоғары. Ал жеке бас бостандығы бойынша рейтингіде 90-орында, экономика бойынша - 73-орында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан адам бостандығы индексі бойынша әлемдегі 162 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтады. ҚР индексі - 6,99 болды, бұл көрсеткіш ЕАЭО-ға кіретін Армения мен Қырғызстанға қарағанда төмен, бірақ Беларусь пен Ресейге қарағанда жоғары. Ал жеке бас бостандығы бойынша рейтингіде 90-орында, экономика бойынша - 73-орында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Адам бостандығы индексі екі негізгі компонентті қамтиды - жеке және экономикалық еркіндік. Қазақстанда жеке бас бостандығы индексі - 6,85, экономикалық - 7,12. Рейтингідегі максимал индекс - 10, бұл елдегі адамдар толық еркін деген сөз, ал минимал - 0 - тиісінше, бостандығы жоқ елдер.

Бостандық индексі жоғары елдер рейтингіні бастап тұр - Жаңа Зеландия, Швейцария және Гонконг. Ал аяқтаған - 3,97 көрсеткішімен Сирия.

Бостандық индексі билік органдары адамдарды қаншалық шектейтінін немесе мәжбүрлейтінін көрсетеді. Елдердегі бұл индекс адам қызметінің он екі саласын көрсететін жеке, азаматтық, экономикалық бостандықтың 76 көрсеткіші негізінде есептеледі:

  • заңның үстемдігі,
  • қауіпсіздік,
  • қозғалыс еркіндігі,
  • дін бостандығы,
  • қауымдастықтар мен азаматтық қоғам бостандығы,
  • сөз және ақпарат бостандығы,
  • жеке басын және жеке қарым-қатынасын таңдау еркіндігі,
  • үкімет өлшемдері,
  • құқықтық жүйенің сапасы және меншік құқығын қорғау,
  • сенімді ақшаға қол жеткізу,
  • халықаралық сауда бостандығы,
  • бизнесті, еңбекті, несиелеуді реттеу.

Алғашқы жеті сала жеке бас бостандығы индексінде есепке алынады, осы индекс бойынша Қазақстан рейтингіде 90-орында. Соңғы бес сала экономикалық еркіндік индексінде ескеріледі, мұнда Қазақстан 73-орынды иеленді.

Жеке бас бостандығы индексі бойынша Қазақстанның қауіпсіздік бөлімінде және бірегейлік пен жеке қарым-қатынастарды таңдау еркіндігінде баға жаман емес - 10-нан 9, жүріп-тұру еркіндігі бойынша да - 10-нан 8,3.

Экономикалық еркіндік индексі бойынша баға төменірек. Осылайша, ақшаға қол жеткізу еркіндігі бойынша индекс - 8,8. Одан кейін бизнесті, еңбекті, несиелерді және үкімет көлемін реттеу еркіндігі тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети