Қазақстан Африкаға бітімгерлер жібереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Африкаға бітімгерлер жібереді

Парламент Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия, Конго, Мали және Ливандағы БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Конституцияның 53-бабы 5-тармағына сәйкес БҰҰ-ның Орталық Африка Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссиясына, БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің миссиясына қатысу үшін шамамен 430 әскери қызметшіні Қарулы Күштердің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсыныс енгіземін" - деді Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Қорғаныс министрлігінің басшысы Қазақстанның штабтық офицерлер және әскери бақылаушылар ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, сондай-ақ БҰҰ миссияларына барынша сұранысқа ие жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік әскери полиция бөлімшелерін бөлуге дайын екенін атап өтті. 

"Бағалау және іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Біз Қазақстаннан БҰҰ-ға бес бөлімшені ұсындық. Олардың барлығы дайындықтың әртүрлі деңгейлерінде. Біз бөлімшелерімізді бірден емес, өтінім бойынша жібереміз. Бізге миссияны орындауға дайындық бойынша баға беріледі", - деді Руслан Жақсылықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +18
Ақтау +25
Ақтөбе +21
Атырау +25
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +19
П
Павлодар +19
Петропавл +19
С
Семей +20
Т
Талдықорған +18
Тараз +22
Түркістан +26
О
Орал +17
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер