16 шілде 2021 12:47

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын алдыру бойынша келіссөзді қайта бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock @Shutterstock

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын өндірушілермен препаратты Қазақстанға алдыру туралы келіссөздерді қайта бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан AstraZeneca вакцинасын өндірушілермен препаратты Қазақстанға алдыру туралы келіссөздерді қайта бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірқатар ел белгілі бір вакциналарды салдырған саяхатшылар үшін ғана шекарасын ашқандықтан, қазақстандықтар үшін саяхаттауға болатын елдер қатары айтарлықтай шектелді. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін COVID-19-ға қарсы вакцинаның төрт түрі қолжетімді: "Гам-КОВИД-Вак" (Спутник-V), "QazCovid-In" (QazVac), "Hayat-Vax" және "КоронаВак".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, шетелдік COVID-19-ға қарсы вакцина өндірушілермен келіссөз жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Қазақстандықтарды "Pfizer", "AstraZeneca", "Moderna" және "Johnson&Johnson" препараттарымен вакциналауға бюджет қаражатын бөлу мәселесі уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін қаралады", - деп нақтылады ведомстводағылар.

Айта кетейік, биыл маусымның басында "СҚ-Фармация" компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев брифингте Қазақстан AstraZeneca вакцинасын жеткізу туралы келіссөздерді тоқтатқанын айтқан болатын. Tengritravel.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне AstraZeneca-ға қатысты жағдайды нақтылау мақсатында жүгінді.

Ведомство ол келіссөзді тоқтату емес, тоқтата тұру екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети