Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан азаматтары Сириядан Ресей ТЖМ ұшағымен эвакуацияланды

18 Тамыз 2015, 10:14
0
Ресей ТЖМ борты. © ria.ru.
Ресей ТЖМ борты. © ria.ru.

Мәскеудің Домодедово әуежайына Ресей ТЖМ Ил-76 ұшағы қонды, ол Сирияның басты порты Латакиннен Жерорта теңізіне рейс жасаған. Арнайы рейс жолаушыларының ішінде Қазақстанның, Ресейдің, Сирияның, Украинаның, Беларустің азаматтары бар. Олардың барлығы Сириядан белсенді қарулы қақтығыс салдарынан кеткісі келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Мәскеуге жалпы 59 адам ұшып келді. Айта кетейік, 2013 жылдан бері Сириядан Қазақстан азаматтары жиі эвакуацияланып жатыр. Соңғы рет 10 қазақстандық ел территориясынан Ресей ТЖМ ұшақтарымен кетіп қалған еді.

Ал тамыз айының басында АҚШ-тың Түркия территоиясынан Сирияға әуе соққыларын жасағаны хабарланған болатын. Сирия билігі Батыс елдерінің әрекеттеріне наразылық білдірген болатын. Алайда Түркия билігімен келісімшарт өткен жайды жасалған еді - Түркия америкалық ұшақтардың ДАИШ-қа соққы жасауы үшін өз базаларын ашуға келісім берді.

Ал Reuters агенттігі АҚШ ұшақтарының түрік әуе базаларында орналастырудың тағы бір мақсаты деп Сирияның америкалық нұсқаушылардың жаттығуынан өтетін қарулы оппозиционерлерін қолдауды жазып отыр. Осыған дейін Сирия үкіметі шет мемлекеттердің Дамаскпен келісілмеген қандай да бір әуе операциясының ел тәуелсіздігін бұзу болып саналатынын мәлімдеген еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай