22 ақпан 2020 11:04

Қазақстан Байқоңырдағы қалдықтарды жою үшін Ресейге 20 миллиард теңге төлемейді - ҚР ЦДИАӨМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында жүргізілетін улы және радиоактив қалдықтарын жою жұмыстарына Ресейге 20 миллиард теңге береді деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағындағы қалдықтарды жою үшін 20 миллиард теңге бөлуді жоспарлаған жоқ, төлемейді. Қазақстан мен Ресей арасында осы мәселе бойынша қандай да бір төлем туралы ешқандай шешім мен келісімдер қабылданбады және талқыланбады", - деп мәлімдеді министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, тараған хабарламада көрсетілген карьерлерде ғарыш айлағының аумағындағы тозған ғимараттарды бұзғанда қалған құрылыс қалдықтары (кірпіш, өңдеуден кейінгі бетон) ғана тұрады.

"Бұл карьерлерді орналастыру толығымен Ресей тарапынан жүргізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жұмыстың жалпы құны 20 миллион рубль. Жобалар Қызылорда облысы экология департаментінің оң қорытындысын алды", - деп атап өтті министрлік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети