Қазақстан ДСҰ-ның Мемлекеттік сатып алу бойынша келісіміне бақылаушы болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© nb.kz © nb.kz

2016 жылғы 12 қазан күні ДСҰ мемлекеттік сатып алу Комитетінің кезекті отырысы аясында бірауыздан дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының ресми өтінімі мұндай мәртебе алуға мақүлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2016 жылғы 12 қазан күні ДСҰ мемлекеттік сатып алу Комитетінің кезекті отырысы аясында бірауыздан дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының ресми өтінімі мұндай мәртебе алуға мақүлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс (Швейцария) Женева қаласында өтті. ДСҰ комитетінің отырысында Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесін беру туралы ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев сөз сөйледі. Елімізді Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директрі Сәбит Ахметов, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері ұсынады.

ДСҰ-ның келісімі бойынша мемлекеттік сатып алу Қазақстан бақылаушы мәртебесін алу Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіру кезіндегі міндеттемелердін бірі болып табылады, - деп түсіндірді Руслан Бекетаев. Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесі халықаралық озық стандарттарға сәйкестігнің айқын дәлелі болып табылады.

Женева қаласындағы сапар шеңберінде ДСҰ бас диреторының орынбасары Сяньжун Йи және мемлекеттік сатып алу бойынша ДСҰ комитетінің төрағасы Джон Ньхамом және оның орынбасары Роб Андерсон мен келіссөздер жүргізілді. 2016 жылдың 7 - 8 қарашасында Астанада Ұлттық семинар өткізу туралы тараптар келісімшілікке қол жеткізді. Семинар барысында ДСҰ сарапшылары мемлекеттік органдарға, бизнес-қоғамдастық өкілдеріне ДСҰ талаптарын түсіндіретін болады.

Сондай-ақ Қазақстандық делегация Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен жұмыс барысында қатысты, нәтижесінде Қазақстандық мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ЕҚДБ өкілдерімен бағалау бойынша келісімшілікке қол жеткізілді.

Комитетін отырыс барысында Қазақстан бақылаушы мәртебесін алуға қатысты АҚШ-тың, Еуропа одағының, ҚХР, Тәжікістан өкілдері құтықтау сөз сөйледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro