27 тамыз 2022 10:32

Қазақстан экономикасының дамуына үш сценарий бойынша болжам жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров алдағы бес жылға Қазақстан экономикасының дамуының үш сценарийін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров алдағы бес жылға Қазақстан экономикасының дамуының үш сценарийін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасын дамытудың 2023-2027 жылдарға әзірленген үш сценарийін жариялады.

"Базалық сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасын бір баррель үшін 85 доллар деңгейінде және АҚШ долларының болжамды бағамын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады. Бұл сценарий бойынша ЖІӨ 3,9 пайыз, оның ішінде 2023 жылы 4 пайыз болады.

Оптимистік сценарий бойынша мұнайдың болжамды бағасы барреліне 110 доллар деңгейінде белгіленді. АҚШ долларының бағамы - 440 теңге. Экономиканың орташа жылдық өсімі 4,2 ​​пайыз деңгейінде болады деп болжанады.

Пессимистік сценарий мұнай бағасының барреліне 60 доллар болуын және айырбас бағамды бір долларға 500 теңгеге дейін әлсіретуді көздейді. ЖІӨ-нің болжамды өсімі орта есеппен 3,5 пайызды болжайды", - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

Министр барлық сценарий бойынша инфляция 2023 жылы 7,5-9,5 пайыз деңгейінде болатынын айтты. 2024 жылы - 4-5 деңгейінде. 2025-2027 жылдары – 3-4 пайызға дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети