05 маусым 2015 17:43

Қазақстан елшісі Шымкенттен бала асырап алған ағылшын отбасымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Қазыханов. ©Tengrinews.kz Ержан Қазыханов. ©Tengrinews.kz

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов Уэльске сапары барысында Шымкенттен бала асырап алған ағылшын отбасымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов Уэльске сапары барысында Шымкенттен бала асырап алған ағылшын отбасымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2-3 маусымда Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов Уэльске сапар шекті. Сапар барысында Елші Қазыханов шымкенттік Арман есімді баланы асырап алған ағылшын Пол және Сара Эллиоттар отбасымен де кездесті, - делінген хабарламада.

Сапар барысында Қазыханов Кардифф қаласының мэрімен, Уэльс Ұлттық ассамблеясы төрағасының орынбасарымен, Уэльс Үкіметінің бизнес, экономикалық ғылымдар және көлік басқармасының директорымен, сондай-ақ академиялық және іскерлік топтар өкілдерімен кездесулер өткізді. Сонымен бірге, елші Кардифф Университетінің Медицина мектебі онкология және генетика Институтының профессорымен және Уэльстің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесті.

"Уэльс басшылығының және іскерлік топтарының өкілдері маңызды реформалар мен тиімді әлеуметтік және экономикалық саясат жүргізіп жатқан біздің еліміздің Орталық Азиядағы жетекші рөлін атап өтті. Қазақстанның өз экономикасын жаңартудағы және жоғары технологияларды тартудағы күш-жігеріне назар аударған Уэльстік бірқатар компания қазақстандық өнеркәсіптің түрлі салаларында нақтылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты", - делінген хабарламада.

Сыртқы саясат ведомствоның баспасөз өкілдерінің хабарлауынша, Елші Қазыхановтың Уэльске сапары сындарлы және достық ахуалында өтті. Хабарламада сапардың Қазақстан мен Уэльс Князьдығы арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети