29 мамыр 2022 17:18

Қазақстан Еуропаға жаңа рейстер ашып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда халықаралық рейстер саны 433-ке дейін өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Қазақстанда халықаралық рейстер саны 433-ке дейін өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады.

"Жазғы кезеңде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында рейстер саны 99 бағыт бойынша (81-ден 99 бағытқа дейін) аптасына 81 рейске (352-ден аптасына 433 рейске дейін) артады", - делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, Италия, Чехия және Грецияға жаңа рейстер ашылып жатыр. Түркия, Мысыр, Грузия, Ресейге рейстер ұлғаятыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети