14 ақпан 2019 11:33

Қазақстан Фермерлер одағының басшысы ұсталды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әуезхан Даринов. Фото:sfk.kz © Әуезхан Даринов. Фото:sfk.kz

Фермерлер одағының өкілдері төраға Әуезхан Дарыновтың ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.


Фермерлер одағының өкілдері төраға Әуезхан Дарыновтың ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.

"11 ақпанда Астаны полиция департаментінің қызметкерлері "Қазақстан фермерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Дарынов Әуезхан Камешұлын ұстады. Оны бірлестіктің кеңсесінде съезге арналған дайындық жұмыстарын жүргізу барысында ұстаған. Дарынов съезде саланың маңызды стратегиялық мәселелерін шешу туралы ұсыныстар жасауы керек еді", - деді фермерлер одағының баспасөз өкілдері. 

"Біз үшін съездің алдында басшымыздың ұсталуы таңғалдырды. Қазақстан фермерлер одағы - саланың ең маңызды мәселелерін анықтайтын пікірталас алаңы. 13 ақпанда "Қазақстан фермерлер одағы" кезектен тыс жиналысында съезд өткізуді ұйғарған. Бірақ, енді Дарыновтың ұсталғаны туралы ақпарат тарату туралы шешім қабылданды", - деді фермерлер одағының баспасөз өкілдері.

Ведомствоның өкілдері Дарыновтың басшылығымен одақтың абырой жинап, жетістікке жеткенін айтты. 

"Дарынов секілді қоғам қайраткерінің, ірі мекеменің басшысы ұсталғаны көпшілік үшін жаңалық екені анық. Осы жаңалықтың арқасында көптеген БАҚ өкілдері мен қоғам үшін ауыл шаруашылығын басты мәселелері көлеңкеде қалып қоятын сияқты. Бірақ, біз БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты жарияламауды сұраймыз" - деді ведомствоның баспасөз өкілдері.

Tengrinews.kz тілшісі мәселенің мән-жайын білу үшін құқық қорғау органдарына хабарласты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети