Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан халқы ассамблеясы Ақтөбедегі жағдай туралы: Бұл қорлау актісі - барлығымызға сын

06 Маусым 2016, 17:11
0
© aktobe.gov.kz
© aktobe.gov.kz

Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚХА Ақтөбедегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан халқы ассамблеясы 5 маусымда Ақтөбеде болған лаңкестікті айыптайды. Бұл жағдай мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының қарсаңында болыр отыр. Бұл қорлаушылық. Бұл барлығымызға, Қазақстан халқына сын. Мұндай әрекеттер әрқашан және әр жерде адамдарды үркітіп, олардың бойында сенімсіздікті тудырып, адамдардың бірлігі мен ынтымақтастығын бұзады. Қазақстан халқы бірлігі жарасқан азаматтық ұлт ретінде, өз елінің патриоты ретінде осы бір адамгершіліктен ада актіні бір ауыздан айыптайды. Бұл - жағдайды тұрақсыз ету, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді бұзу", - деді Тоғжанов.   

Сонымен қатар, ол жақында Ақтөбедегі атыстарда қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтқан болатын.

"Қазақстан халқы ассамблеясы атыстарда қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтады. ҚХА Қазақстан халқын бірігіп, елдегі жағдайды тұрақтандыруға шақырды. Қазір әрқайсысымыз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын дамыту үшін сабырлы болып, азаматтық міндет пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Барлығы біздің жұмылған, бейбіт халық екенімізді, өз еліміздің патриоты екенімізді білсін", - деді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының орынбасары Ералы Тоғжанов.

"Қазір қоғамда Ақтөбеде болған оқиға туралы әңгімелер аз емес. Меніңше, оппозициялық пікірлердің айырмашылықтарына қарамастан, әрқайсысымыз нағыз патриот ретінде, тіпті ымыраға келмейтін оппозиционер де біздің мемлекеттігіміз деген ұғымға қарсы болмауы қажет. Бәрімізге ортақ нәрсе бар. Ол - Қазақстан. Біз бірігіп, кез келген қиындықтарды бейбіт түрде немесе конституциялық тұрғыда шешуіміз керек. Мен кешегі Ақтөбеде болған оқиғаны дұрыс емес деп санаймын. Сондықтан барлықтарыңыз сақ болыңыздар және еліміздің патриоты болыңыздар деп шақырамын", - деді Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Жалпы қаза тапқандардың саны - 17. ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і лаңкес, екеуі әскери, біреуі "Паллада" дүкенінің сатушысы, біреуі "Жедел күзет" қызметкері және тағы біреуі дүкеннің келушісі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай