Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Қазақстан халқына" қоры бір күндік жалақыны аударуға мәжбүрлеуге қарсы шықты 21 қаңтар 2022, 10:59

"Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Іс-шара аясында жұмыс тобы құрылды, ол қор қызметінің тұжырымдамасын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

"Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Іс-шара аясында жұмыс тобы құрылды, ол қор қызметінің тұжырымдамасын әзірлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, қамқоршылық кеңесінің мүшелері қызметкерлерді, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыны аударуға мәжбүрлеу жағдайлары туралы өз пікірін білдірді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бұған үзілді-кесілді келіспейтінін білдірді.

"Біз бүкіл қазақстандықтарға үндейміз және "Қазақстан халқына" қоры тек жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырымдылықтарынан қалыптасатынына тағы да назар аударамыз және қорға өз үлесін қосқан қазақстандықтар мен ұйымдарға алғыс білдіреміз және өз тарапымыздан көмек мұқтаж адамдарға жететініне кепілдік береміз!",- деді Қамқоршылық кеңесінің мүшелері.

Сондай-ақ, отырыста қайырымдылық қоры қызметінің тұжырымдамалық мәселелері талқыланған. Қамқоршылық кеңес мүшелері қордың халықпен өзара іс-қимыл тетіктеріне, қазақстандықтардың қорға қалай жүгінетініне, өтінімдер қалдыруына басты назар аударған.

"Сондай-ақ, қор қайырымдылық ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және қайырымдылық көмек көрсетуге тартылған басқа да ұйымдармен ынтымақтастық форматын айқындауға тиіс. Өзара іс-қимыл құралы қордың электрон порталы болғаны дұрыс. Оңтайлы шешім қабылдау үшін жұмыс тобы құрылды, онда "Қазақстан халқына" қоры қызметінің тұжырымдамасы әзірленеді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында (қоса алғанда) қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 миллион теңге түскен. 75 заңды тұлға мен ірі бизнесмендерден 19,2 миллиард теңге түскен.

"Қазақстан халқына" қорынан қалай көмек алуға болады? Болат Жәмішев жауап береді

Президент "Қазақстан халқына" қорын құру туралы 11 қаңтарда мәлімдеді. "Бұл барлық қазақстандықтардың қоры. Бұл - халық қоры. Ол әкімшілік немесе үкіметке қарасты жұмыс істемейді", - деді Мемлекет басшысы. 15 қаңтарда қорды Болат Жәмішев басқарғаны белгілі болды. 16 қаңтарда қамқоршылық кеңес мүшелері сайланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram