29 қаңтар 2022 18:16

"Қазақстан халқына" қоры қабылдаған шешімдерді онлайн қадағалауға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

"Қазақстан халқына" қорына жиналған ақшаны келесі аптадан бастап жұмсай бастайды. Бұл туралы қор басшысы Болат Жәмішев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Национальный интерес" бағдарламасына қатысқан қор басшысы кез келген адам қандай жобаларға қанша бөлініп жатқанын және кімге қанша қаржы жіберілгенін көре алатынын айтты.

"Барлық ақпарат қор сайтына салынады. Одан соң халық пікірін міндетті түрде ескереміз. Бұқара ұсыныс-тілектерін онлайн жолдай алады. Осы ретте қорға жиналып жатқан қаражаттың барлығы арнайы депозитте сақталады. Ал қор қызметкерлеріне қандай жалақы берілетінін, олардың еңбекақысына қаржы қайдан бөлініп жатқанын қазірдің өзінде біле аласыздар", - деді Болат Жәмішев сұхбатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети