30 қыркүйек 2015 09:36

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Ресейді басып озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© exopoliticsgb.com © exopoliticsgb.com

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Ресейді басып озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әлемдік экономикалық форумға (ӘЭФ) сілтеме жасап. Айта кетейік, Қазақстан 4,5 орташа балымен 42-орынға ие болды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда сегіз сатыға жоғары. Ал Ресей 45-орында. 

Биыл Қазақстан Италия мен Польшаның ортасынан орын алды, ол Ресей, Латвия, Филлиппин және Түркия сынды елдерді артта қалдырды. Рейтингтегі бірінші орынды осымен жеті жыл қатарынан Швейцария алып келеді, екінші орнын Сингапур да сақтап қалды, үшінші орын АҚШ-та. Германия бесінші сатыдан төртіншіге көтерілді, Нидерланды - сегізіншіден бесіншіге.

ӘЭФ әзірлеген жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің алғашқы ондығына Жапония, Гонконг, Финляндия, Швеция мен Ұлыбритания сияқты елдер кірді. Қытай 28-орында, Бразилия - 75, Үндістан 55-орында. ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда жоғарыдан орын алған ел Әзірбайжан болды, ол 40-орында.

Айта кетейік, 2013 және 2014 жылдардың нәтижесі бойынша Қазақстан екі жыл қатарынан 4,4 орташа балымен бұл рейтингте 50-орынға тұрақтаған болатын. Рейтинг инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау, инновация сынды салаларды қамтыған 110-нан аса көрсеткіш негізінде жасалады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети