04 мамыр 2014 21:51

Қазақстан жолдарында жүргізуші куәлігінен айырылған 130-ға жуық адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото  ©Марат Әбілов Фото ©Марат Әбілов

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған 130-ға жуық жүргізуші Қазақстан жолдарында ұсталды, - деп хабарлайды Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.


Көлік құралын басқару құқығынан айырылған 130-ға жуық жүргізуші Қазақстан жолдарында ұсталды, - деп хабарлайды Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Алдын ала таратылған баспасөз баянында хабарланғандай, рейд қортындысы бойынша жүргізуші куәлігінсіз көлікті тізгіндеген 134 жүргізуші ұсталған, оның 127-сі Әкімшілік кодекстің 470 бабының 4 тармағы бойынша (жүргізуші куәлігінсіз көлік рөліне отырғаны үшін) және жетеуі осы баптың 5 тармағы бойынша (осы заңбұзушылықты жыл бойына қайталағандар) жауапқа тартылған тұлғалар.

Мәселен, Астанада осындай 8 жүргізуші көлігі тоқтатылған. Ұсталғандар арасында ішімдік тұтынып, автокөлікке отырғаны үшін 2 жыл жүргізуші куәлігінен айырылған азамат та бар.

Алдында  Tengrinews.kz хабарлағандай, 30 сәуірден бастап жол-көлік қозғалысы саласындағы заңбұзушылық үшін әкімшілік жауапқа тартатын жаңа шаралар өз күшіне енген. Мысалы, жүргізуші куәлігінсіз көлікті тізгендеп және жол апаты орын алған орынды тастап кеткендерді және куәлік беруден бас тартқандарды ірі айыппұл немесе ұзақ мерзімге қамалу күтіп тұр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети