"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан қалалары бойынша сәрсенбі, 17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Петропавлда синоптиктердің болжамы бойынша күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +26...+28, түнде +16...+18 градус болады.
Қостанайда күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз термометр бағаны +28...+30 градусқа дейін көтеріледі, түнде +16...+18 градус болады.
Көкшетауда күн құбылмалы болады, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз - жаңбыр, найзағай, екпінді жел соғады. Күндіз қалада +27...+29 градус, түнде +16...+18 градус болады.
Павлодарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Температура күндіз +30...+32 градус, түнде +18...+20 градус болады.
Қарағандыда күн құбылмалы болады. Таңертең және күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +31..+33 градус, түнде температура +18...+20 градусқа дейін төмендейді.
Жезқазғанда күн құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Температура күндіз +35...+37 градус, түнде +20...+22 градус болады.
Өскеменде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Күндіз +31...+33, түнде +36...+88 градус болады. Семейде ауа райы осыған ұқсас болады.
Оралда күн құбылмалы болады, күндіз найзағаймен бірге жаңбыр және бұршақ жауады, дауылды жел соғады. Күндіз ауа +28...+30 градусқа дейін көтеріледі, түнде +15...+17 градус болады.
Атырауда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Күндіз екпінді жел соғып, термометр бағаны +32...+34 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +21...+23 градус.
Ақтөбеде аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз +30...+32 градус, түнде +17...+19 градус градус.
Ақтауда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Температура күндіз +28...+30 градус, түнде +20...+22 градус.
Таразда күн құбылмалы, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +33...+35 градус, түнде +20...+22 градус.
Шымкентте күн құбылмалы болады, өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз екпінді жел соғып, +33...+35 градус болады. Түнде температура +18...+20 градусқа дейін төмендейді.
Түркістанда күн құбылмалы, екпінді жел, өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз +35...+38 градус, түнде +21...+23 градус болады.
Қызылордада күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, термометр бағаны +35...+37 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +21...+23 градус болады.
Қонаевта күн құбылмалы, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кейде екпінді жел соғады. Температура күндіз +34...+36 градус, түнде +21...+23 градус болады.
Талдықорғанда күн құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +32...+34 градус, түнде +16...+18 градус.
Алматыда синоптиктердің болжамы бойынша күн құбылмалы болады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Күндіз +33...+35, түнде +21...+23 градус болады.
Астанада күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Температура күндіз +31...+33, түнде +16...+18 градус болады.
Тағы оқыңыз: Астана мен Алматыда 35 градусқа дейін аптап болады